Арнайы операция кезінде ұсталған азаматтың деструктивті ағым өкілі екені анықталды.
36 жастағы азаматтың Атырау қаласындағы тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде жауынгерлік патрондар тәркіленді.
Күдікті 36 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы. Оның оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны белгісіз.
– Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігімен, яғни қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сотқа жолданды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда, – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.