«Ұлы Дала жорығы»: бұл жоба бұрынғыдан өзгерек...
«Ұлы Дала жорығы»: бұл жоба бұрынғыдан өзгерек...
1,157
оқылды
«Ұлы Дала жорығы» атты республикалық марафон-бәйгесінің басталуына санаулы күн қалды. 18 қыркүйекте тәуелсіз Қазақстанның жас астанасы – Нұр-Сұлтан қаласынан аттанып, 29 қыркүйекте «Ер түріктің бесігі, екі дүние есігі» саналатын киелі Түркістан қаласына ат басын тірейміз. Мұндай жоба әлемдік және отандық ат спортында бұрын-соңды болған емес. Неге дейсіз ғой?! Біріншіден, әлем елдерінде өткізілетін, Халықаралық ат спорты федерациясы тарапынан мойындалған жарыстардың ішінде ең ұзақ қашықтық 160 шақырымнан аспайды. «Ұлы Дала жорығына» қатысушылар 12 күнде 1 200 шақырымды атпен жүріп өтуі тиіс. Еліміздің табиғат ерекшелігін ескерсек, жазық жер ғана емес, бетпақ дала мен тау-тасты басып өтуі тиіс. Екіншіден, марафон-бәйге – жеке шабандоздардың емес, командалық жарыс. Қазақ айтқандай, «Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығаратын» кез келді. Көшпенді қазақ халқы мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық тәрізді адами қасиеттердің өшпес көзін тауып, рухани болмысын жоғары деңгейде ұстай білген. Бес шабандоздан тұратын команда ұлы көшпенділерге тән сол ізгі қасиеттерді дәріптейді. Үшіншіден, республиканың әр өңірінен бір ғана команда қатысады. 20 команда – Жаңа Қазақстанның 20 өңірінің намысын қорғайды. Өңірінде ат спорты мен атбегілік өнердің қаншалықты дамығанын көрсетеді. дала Сонымен қатар марафон ұлы көшпенділер өркениетін Қазақстанның мәдени коды ретінде мойындатып, әлемдік нарықта еліміздің туристік әлеуетін арттыруға жол ашады. Қазақстан жерінің тарихи-мәдени орындары да әлемдік деңгейде жаңа туристік маршруттарға айналуға әбден лайық. Атап айтқанда, көрінісі көз сүріндіретін Бурабай, Баянауыл, Марқакөл, Катонқарағай, Қарқаралы, Алатау, Хан Тəңірі баурайы, Түлкібас сияқты көрінісі көз сүріндіретін көркем өңірлер де, Шарын шатқалы, Сақ қорғаны, Маңғыстау түбегі сияқты ғажайып жерлер де, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Айша бибі, Арыстан баб кесенесі секілді мәдени, тарихи мұралары да, Каспий, Балқаш көлі, Алакөл сияқты жағажайдың кереметін сезіндіретін сулы алқаптар да көп. Шыңға шығушыларды, тауға өрмелеушілерді, құмды, шөлді, жаяу немесе велосипедпен аралаушыларды, шаңғы тебушілерді баурауға да Қазақстанның мүмкіндігі мол. Марафон Орталық және Оңтүстік Қазақстандағы тарихи жерлердің инфрақұрылымын дамытып, шетелдік туристерді көптеп тартуға ықпал етеді. Қорыта келгенде, «Ұлы Дала жорығы» – Қазақстанның ат спорты саласында әлемдегі жетекші орынға шығуына, отандық туризмді дамытуға, жалпы ат марафонын ұлттық брендіміз ретінде дүниежүзіне мойындатуға ықпал ететін шара. Асыл мұра – аламан бәйгенің жүлдесі 60 миллион теңге. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандар «Ұлы Дала сарбазы» атанады. Ауқымды жобаның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ болса, серіктесі –  Sportqory  спортты қолдау қоры.