Заңсыз ойын бизнесі әшкереленді
Заңсыз ойын бизнесі әшкереленді
362
оқылды
Алматы облысының полицейлері Алакөл ауданында заңсыз ойын бизнесін әшкереледі,-деп хабарлайды Polisia.kz. Үшарал қаласында жедел ақпаратты тексеру барысында полицейлер дүкендердің бірінен қызметіне тыйым салынған ойын автоматтарын анықтады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-тармағына сәйкес яғни, «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген тұлғаның Талдықорған қаласының 39 жастағы тұрғыны екендігі анықталды. Күдіктіден үш ойын автоматы тәркіленді. Айып тағылған азаматшаның бұған дейін де осыған ұқсас заңға қайшы әрекет еткені үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Бұған дейін күдікті букмекерлік кеңсені заңсыз ашқан, дегенмен қылмыстық іс сот шешімімен қысқартылған. Күдікті азаматша мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.