Қазақстанның бірқатар облысына тұман түсіп, қатты жел соғады және үсік жүреді. Кейбір өңірлерде төтенше өрт қаупі бар.
16 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.
16-17 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында 16-17 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
16 қыркүйекте Ұлытау облысының күндіз басым бөлігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Жезқазғанда 16 қыркүйекте күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
16 қыркүйекте Қарағанды облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Қарағандыда 16 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Түнде топырак бетінде 3 градус үсік болады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында 16 қыркүйекте жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
16 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. Түнде облыс орталығында және таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады. Талдықорған қаласында 16 қыркүйекте түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
16 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Өскемен қаласында 16 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 16 қыркүйекте найзағай ойнайды.
16 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады екпіні 16 м/с болады. Ақтөбе қаласында 16 қыркүйекте түнде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады екпіні 15 м/с.
16 қыркүйек күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады
16 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде 2 градус үсік сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.