«Атырау қаласында бір тәулік ішінде полицияға осындай сипаттағы 30-ға жуық шақырту келіп түседі. Олардың 20-ға жуығы түнгі уақытта түссе, 10-нан астам қоңырау күндізгі уақытта тіркеледі. Өкініштісі, көп әйел полицияны зорлық-зомбылықты тыныштандыру үшін шақырады. Бірақ, олар өздерін және балаларын үйдегі тираннан қорғау үшін құқығын қорғағысы келмейді», – дейді Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.Статистика 80% жағдайда полицияға көмек сұрап келетін азаматшалар зорлық жасаған күйеуін кешіреді. Нәтижесінде, отбасындағы зорлық-зомбылық қайталана береді. Еске сала кетейік, жыл басынан бері дағдарыс орталығына 26 әйел, 52 бала орналастырылды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА