Қытайдан келгендер 14 күнге дейін арнайы санитарлық орында болады - Бекшин
Қытайдан келгендер 14 күнге дейін арнайы санитарлық орында болады - Бекшин
© inform.kz
5,389
оқылды
Қазақстанның Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш шекара бекетінде орналасқан медициналық пунктілерді тексеріп, сақтық шараларын пысықтады, - деп хабарлады Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы наурыздың біріне дейін жабық тұр. Ал жолаушылар тасымалы тоқтаған «Nur joly» мен «Алтынкөл» бекеттерінде санитар-эпидемиолог мамандар күшейтілген режимге көшкен. Қазір Жаркент қаласында 100 адамға арналған арнайы санитарлық оқшаулау орны дайын. Сондай-ақ, қажет бола қалған жағдайда қолданылатын қосымша 160 орын қарастырылған. Барлық санитар-эпидемиологтар толық медициналық жабдықпен қамтамасыз етілген.
«Ақпанның 20-сынан бастап Қытайдан келген адамдардың барлығы 14 күнге дейін арнайы санитарлық орында болады. Өйткені бұл вирусты жұқтырған адамнан бірден ешқандай сырқат белгілері байқалмауы мүмкін. Коронавирустың ағзадағы жасырын кезеңі 14 күннен 24 күнге дейін созылу фактісі анықталған. Қытайдан өткен азаматтар 14 күн жатып шыққаннан кейін де он күн толық бақылауда болады. Сол себепті сақтық шаралары жүргізіліп жатыр», -деді Жандарбек Бекшин.