Шаруасын шалқытқан ана
Шаруасын шалқытқан ана
787
оқылды
Бүгінде аграрлық сала­ны дамыту бағытында мем­лекет тарапынан жа­салып жатқан қолдаулар аз емес. Нәтижесінде, кә­сіпкерліктің көкжиегі кеңейіп, шалғай елді ме­кендердің өзінде еңбек адамдарының ша­руа­шы­лығы шалқуда. Міне, сон­дай жанның бірі – Орын­­басар Тілеужанова. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының тумасы Орынбасар әже асыл­тұқымды ақбас сиырлар өсіріп, еркекке бергісіз тірлік жасап отыр. Еңбек жолын қаржы сала­сынан бастаған ана тоқырау жыл­дары кәсіпкерлікке бет бұ­рып, мал шаруашылығымен ай­налысуға ден қояды. Бас­тап­қыда ұсақ мал баққан Орынбасар бер­тін келе «Сыбаға» бағдар­ла­ма­сымен несие алып, ша­руашы­лығын кеңейтеді. Бүгінде шаруа алты адамды жұмыспен қам­тып отыр.
– Тағдырдың талай тәлкегін көріп өскендіктен, өмір жолымда тек өзіме сендім.Тәуекелге бел буудан да тайсалған емеспін. Со­ның нәтижесінде «Нүркен» шаруа қожалығын құрып, ер-азамат­тармен иық тірестіре жүріп жұмыс істедім. Отағасы өмірден ерте озғандықтан, үш баламды өзім жетілдірдім. Мал баға жүріп, олар­дың да тәрбиесіне көңіл бөл­дім. Жолдасым о дүниелік болған кезде ұлым небәрі 9-сыныпта оқитын. Құдайға шүкір, қандай қиын­дық болса да мойымай бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Алдыңғы жылы мемлекеттік бағдарламамен 14 миллион 400 мың теңге несие алып, 75 бас сиыр алдым. Соның арқасында қожалығымдағы ақ бас сиырдың саны екі есеге артты, – дейді ана.
Жетпістің желкеніне жеткен ана «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы екі тракторды лизингке алып, төрт түліктің жемшөбін де өзі дайындайды. шаруашылық «Нүркен» шаруа қожалығы бүгінде Мойынқұм ауданындағы сауда орындарына ет жеткізетінең ірі тасымалдаушы саналады. ­На­рықтағы ет бағасы 2 300-2 500 тең­гені құраса, Орынбасар ана ауыл­дастары үшін етті 2 000 тең­геден өткізеді. Малшыларына 150 мың теңгеден жалақы төлеп, олар­дың да жағдайын жасап қойған. Орынбасар Жүндібай­қызы­ның үлкен ұлы Сәкен аудан ор­талығындағы «Мәңгілік ел» тәр­бие, білім беру орталығының же­текшісі болса, қызы Сәуле Та­раз қаласында заңгер. Тек кішісі Нүркеннің шаруашылыққа икемі болып, анасына қолғабыс етуде. Орынбасардай ананың тірлігі көпке үлгі. Ер-азаматтардан қалыс қалмай, бір ошақтың отын лаулатып, берекесін кіргізіп отыр­ған әжейдің еңбегі сөзсіз ерлік. Қиындыққа мойымай, бір әулет­тің түтінін тік ұшырған Орын­басардай қазақтың қайсар ана­лары көп болсын деп тілейміз.

Жамбыл облысы