Ертең қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Трансляция 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 5.00-де басталады және оны телеарналардың ресми сайттарынан да тамашалауға болады.
Басты жекпе-жек шамамен 8.00-ден кейін басталады.
Айта кетейік, үшінші жекпе-жек T-Mobile Arena-да өтеді, онда алдыңғы екі жекпе-жек те өткен болатын. Спортшылар 2017 жылы тең түскен еді, ал 2018 жылы Канело жеңді.
Еске салайық, бұған дейін GGG мен Канело салмақ өлшеу рәсімінен өткені хабарланған болатын.