Түркістан облысында жылқышы 1 үйір жылқыны сатып жіберген.
Оқиға Қазығұрт ауданында болған. Танысына 12 бас жылқысын сеніп тапсырған жергілікті тұрғын 4 млн теңге көлемінде шығынға батты.
Жылқышы сеніп тапсырылған бөтеннің малын сатып, ақшасын бас пайдасының қажетіне жаратып жіберген.
«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.