Қытайдың бұрынғы әділет министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді
Қытайдың бұрынғы әділет министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді
© aktual24.ro
742
оқылды
Экс-шенеунік пара алып, қызметтік бабын пайдаланып, жеке тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысу үшін қамқорлық жасаған, – деп хабарлайды National Business Daily газеті.
Фу Чжэнхуа Бейжің қоғамдық қауіпсіздік бюросының басшысы болған. Одан кейін 2013-2018 жылдар аралығында қоғамдық қауіпсіздік вице-министрі қызметін атқарды. 2018 жылы Фу Чжэнхуа әділет министрі болып тағайындалды, ол бұл қызметті 2020 жылға дейін атқарды. Тергеу деректеріне сәйкес, экс-шенеунік 2005-2021 жылдар аралығында қызметтік бабын пайдаланып, пара алып, жеке тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысу кезінде қамқорлық жасаған. Жалпы, сот анықтағандай, бұрынғы шенеунік 117 миллион юаньнан (шамамен 16,5 миллион доллар) астам пара алған. Бұған қоса, ол «кіші інісі Фу Вэйхуаның ауыр қылмыстарының айғақтарын жасырған». Фу Чжэнхуаның өзі кінәсін мойындады. Сот оны екі жыл мерзімдік (түрмеде болады) сынақпен өлім жазасына кесті. Егер осы мерзім ішінде сотталған адам басқа қасақана қылмыс жасамаса, мерзімі өткеннен кейін өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға, ал ерекше жағдайларда 15-20 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. 2021 жылдың қаңтарында Қытай мемлекеттік активтерді басқару компаниясы China Huarong Asset Management Co директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасын өлім жазасына кесті. Ол сыбайлас жемқорлық, мемлекет қаржысын жымқыру, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және екі әйел алғаны үшін сотталған. Тергеу мәліметтері бойынша, Лай Сяомин қызмет көрсетуге көмектескені пара алған, бюджеттен 25,13 миллион юань ұрлаған және үйленген бола тұра басқа әйелмен тұрып, одан балалы болған.