Қытайда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге тыйым салынды
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге тыйым салынды
© Сурет авторы Getty Images)
432
оқылды
Қытайда коронавирустан қайтыс болған пациенттердің денелерін арнайы крематорийлерде кремдеуге бұйрық берді. Кремация олардың қайтыс болған жеріне жақын маңда жүргізілуі тиіс, ал қоштасу рәсімі сияқты жерлеу рәсімдері тыйым салынған, деп хабарлайды "Синьхуа"агенттігі.   Тыйым ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, ҚХР азаматтық әкімшілік және қоғамдық қауіпсіздік министрліктерінің бірлескен директивасында жазылған.   "Жұқтырылған пациенттердің денелері провинциялық деңгейдегі әкімшілік бірліктердің арасында тасымалданбауы тиіс және жерлеу арқылы немесе басқа да тәсілдермен сақталмауы тиіс. Қайтыс болған пациенттердің денелері дезинфекцияланып, медициналық қызметкерлер герметикалық жабылатын пакетке орналастырылуы тиіс, оны желімдегеннен кейін ашуға болмайды", – деп нақтылады агенттікте.   2 ақпанда коронавирустың өршуі тіркелген Қытай Ухань қаласынан 83 қазақстандық эвакуацияланды. Оның 80 – студент.   Онлайн-картаның мәліметтеріне сәйкес, коронавирустың жаңа түрін 14 591 адам жұқтырғанын расталды, 305 адам қайтыс болды, 345 адам сауығып кетті.