Емделіп жатқан науқас ауруханаға от қойып, 2-қабаттан секіріп кеткен
Емделіп жатқан науқас ауруханаға от қойып, 2-қабаттан секіріп кеткен
Фото: Интернеттен алынды
344
оқылды
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, емделуші ауруханаға от қойып, өзі екінші қабаттан секіріп кеткен. Оқиға 17 ақпан күні таңертең Тасқала ауданы орталығы Тасқала ауылында болған. Сағат 05.41-де аудандық орталық аурухана терапия бөлімшесінің №8 палатасы жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт аумағы 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 20 науқас (оның төртеуі – бала) пен 8 жұмысшы-қызметкер эвакуацияланды. 2 адам құтқарылса, оның біреуі – бала. Олардың барлығы бірінші қабатқа орналастырылды. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер (11 адам, 3 техника) 06.05-те оқшауланып, 06.16-да сөндірді. Өртті емделуші қойған. Матрасқа от қойып, өзі екінші қабаттың терезесінен секіріп, қашып кеткен. Полиция күдіктіні ұстап, тергеу жүргізіп жатыр.