«14 мың теңге салып, 114 мың пайда таппайды» – Прокуратура астаналықтарға ескертті
«14 мың теңге салып, 114 мың пайда таппайды» – Прокуратура астаналықтарға ескертті
Фото: Интернеттен алынды
276
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы азаматтарды абай болуға және табыс табудың күдікті тәсілдеріне қызықпауға шақырады. Соңғы кездері әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Қазан» немесе «Қара касса» ойынына шақыратын хабарламалар тарап жатыр,– деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. СМС-хабарламаның мазмұны бойынша, ойынға қосылу үшін белгілі бір соманы енгізіп, соңынан адам тіркеу керек. Яғни, жаңа ойыншыны қосқан сайын ақша түсіп отырады. Қатысушы ақша салады, содан кейін тағы жаңа адамдарды тартады. Осылайша, пирамида кеңейе береді. Ойынды ұйымдастырушыларда «қаржылық пирамида», яғни алаяқтық тәсілмен табыс табу белгілері бар. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы ҚР ҚК 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша заңсыз табыс таппақ болған ойынды ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартады. Прокуратура Нұр-Сұлтан тұрғындарын алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуды сұрайды.