Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болып, екеуі жарақаттанды.
Көлік апаты 24 қыркүйек күні Сарқан ауданындағы Алмалы ауылының маңында болған.
«Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды»,- делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.