Ел болған соң елді басқаратын бас керек – Ғарифолла Есім
Ел болған соң елді басқаратын бас керек – Ғарифолла Есім
2,895
оқылды
Алда келе жатқан Президент сайлауын дұрыс деп санаймын. Өйткені ел болған соң елді басқаратын бас керек. Оның алға қойған мақсат, реформаларын жүзеге асыру үшін институт керек. Ал ол біздің жаңағы президенттік институт. Сонымен қатар жақсы басқару жүйесі болуы тиіс. Мынадай алмағайып заманда елді басқарусыз қалдыруға болмайды.  Оны басқаратын мықты саясаткер президент болуы тиіс. Қазіргі демократиялық заманда кез келгеннің президент болуына мүмкіндігі жасалған. Олар талапқа сай өздерін ұсынуы керек. Халықтың қолдауын тапқан адам елін басқарады. Осы мүмкіндік бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әбден лайық. Әділ үкімет құрып, парламент орынды болады деп сенемін. Ең бірінші өзгеріс Президент сайлауынан басталғалы жатыр. Осы мәселеге бүкіл қазақ елі дұрыс қарап, оң шешім қабылдайды деп ойлаймын.

Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы, профессор