Интернеттің аяқасты жоғалып кетуі Алматы мен Атырау әуежайының жұмысына да кері әсерін тигізген. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының өкілдері айтты.
Әуе компаниясы берген мәліметке сай, бүгін, 28 қыркүйекте таңғы сағат 4:00 шамасында Алматы әуежайындағы және ішінара Атырау әуежайында интернет байланысы істен шыққан.
«Осыған байланысты рейстерге тіркеу қолмен жүргізілді, бұл Алматыдан келетін таңғы рейстердің орташа есеппен 1,5 сағатқа кешігуіне әкеп соқтырды» делінген хабарламада.
Әуе компаниясының өкілдері интернетке қосылу сағат 8:40-та қалпына келтірілгенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта екі қаладағы әуежайларда ұшу кестесі біртіндеп қалпына келуде», – дейді компанияның баспасөз қызметі.