Жүзден астам ауылға қатер төніп тұр
Жүзден астам ауылға қатер төніп тұр
5,376
оқылды
Шығыс­қазақ­стан­дықтар үшін жыл сайын үл­кен әбігер­мен, алаңдаушы­лық­пен өтетін көк­тем­нің ең қиын кезеңі – көктемгі су тасқыны күн санап жақындап келеді. Сақтық шараларын барынша күшейту керегін, бір сәт те арқаны кеңге салуға болмайтынын өткен аптада өңірде күрт жылынған күн райы тағы бір рет ескертіп кетті. Оның үстіне биыл шы­ғыс­та қар жылдағы мөл­шер­ден екі-үш есе артық түсіп отыр. Күн жылы­ны­сымен мұншама қар теле­гей те­ңізге айналып, аймақ тұр­­ғын­да­ры­на қауіп төндірері сөзсіз. Облыс бойынша төтенше жағ­­­дай­лар департаментінің бас­па­­­сөз қыз­меті берген мәлімет­терге сүйен­­сек, қа­зіргі уа­қытта об­лыстың су қойма­ла­рын­дағы жи­налған ылғал қорының дең­гейі қажетті нор­мадан 2,5 есе асып кет­­кен. Ал «Қаз­гидро­мет» РМК бер­­ген ақпаратта Бұқ­тыр­ма су қой­­масы аймағындағы өзендер бас­сей­нінде ылғал қоры көп жыл­ғы орташа нормадан 15, Ертіс өзе­нінің тармақтарында 40-65 па­йыз­ға жоғары екені айтылған. Об­лыстың таулы өзендеріндегі қар қоры да жылдағы мөлшерден 20-50 пайызға артық түскен. Осыған қарамастан өңірдегі құтқару қызметінің мамандары қазір гидрологиялық жағдай қа­лып­ты, тасқынға алаңдауға негіз жоқ екенін, өзендер деңгейі шекті мөлшерден төмен екенін айтады. Дегенмен «сақтықта қорлық жоқ» демекші, облыста тасқынға тос­қын жұмыстары қарқын алған. Же­дел штаб толық күшінде жұмыс істеу­де. Әсіресе, қар қалың түскен аудан­дарда жұмыс қызған. Мәселен, Өскеменнің іргесін­де­гі Глу­бо­кое ауданында жауған қар­дың биіктігі – 129, Алтай ауда­нын­да – 104, Ше­монайхада – 90, Үржарда – 83, Бо­родулихада – 78, Көк­пектіде – 62 сантиметрге же­тіп отыр. Әсіресе, шығыстағы Ше­­мо­наиха, Шар қалаларында, Ша­­лабай, Семияр, Дмитриевка, Қа­­тон­қарағай, Көкпекті, Самар ауыл­­дарында қар нормадан бір жа­­рым есе көп. «Қазгидрометтің» ай­туынша, ай­мақтағы қалған елді ме­кендерде қардың қа­лыңдығы 60 сантиметрден аспайды. Әр ау­дандағы қардың қалыңдығына орай жер­дің қатуы да әртүрлі қа­­­лыптасып отыр. Мысалы, Ше­мо­­­найхада небәрі 6 см бол­са, жа­з­ықтағы Тарбағатай ауданының Ақ­жар ауылында 103 см-ге дейін тоң қатып қалған. Жалпы алғанда, об­­лыс­та жердің қату тереңдігі 2018 және 2019 жылдарға қа­ра­ғанда тө­мен. – Көп жылғы зерттеудің, ба­қы­­лаудың нәтижесіне сүйенсек, шы­­ғыстағы үш қала мен 15 ауданға қа­­расты 108 елді ме­­кен­ді көктемгі тас­қында су басуы мүм­кін. Оның ішін­де қазіргі уақытта 30 ауылды су басу қау­пі сақталуда. Егер ауа райы күрт жылынса, қауіп кү­шейе түс­пек, – дейді облыстық Төтенше жағ­­дай­лар департаментінің бас­пасөз хатшысы Анас­та­сия Скляр. Өз кезегінде облыс басшылығы да қол қ­у­сы­рып қарап отырған жоқ, 2020 жылдың көктеміндегі тасқын уа­қы­тында атқарылар жұмыстың жос­пары жасалып, алдын алу ша­ра­­лары қабылдануда. Су басуы мүм­кін аумақтардың картасы да жа­салған. Төтенше жағдайларды жою үшін кезек күтпейтін шығын ре­тінде облыстың және қалалар мен аудандардың жергілікті бюд­же­тінде 1,8 млрд теңге қаржы са­­лынған. Сондай-ақ өңірдегі білім бе­ру мекемелерінің, мәдениет үй­­лері­нің, қонақүйлердің база­­сын­да 300 мың адамды орналас­ты­руға мүм­кіндік беретін 339 эва­куа­ция­лық бекет құрылған. Жеті ау­дан­да өзен­дер­дегі мұзды жару­ды ұйымдастыратын учас­ке­лер анық­талған. – Көктемгі су тасқыны кезін­дегі төтенше жағ­дай­ларға облыс бо­йынша жеке құрамның 4860 ада­­мы, 2570 бірлік техника, 166 жүзу құралы және 260 дана мо­то­­­помпы дайын тұр, – дейді об­лыстық Төтенше жағдайлар депар­та­ментіндегілер. Мамандар осылай деп көңіл­ді жұбатқанымен, көктемгі су тасқынының қаупі облыс орта­лығы Өс­ке­мен қаласының өзінде де сезілуде. Қыс бойы толас­сыз жауған қарды шығарып үлгермеген көмму­налдық қызмет тек жолды тазалаумен ғана шектелген. Қалалық ТКШ бөліміндегілер бірінші кезекте тек көлік жүретін жолдың бойын тазалап жатқанын, келесі кезекте аулаларға шығатындарын айтады. Мұны тұрғындармен есепті кездесу бары­сын­­да қала әкімі Жақсылық Омар да растады. – Өскемен қаласында 946 аула бар, коммуналдық қыз­мет олардың барлығын тазалап үлгермейді. Се­бе­бі бізде техника саны жетіспейді. Дегенмен қыс біткенше, қардың бәрін қала сыртына шығаруға ты­рысамыз. Жағдайды бақылауға аламыз, – деді қала әкімі. Тұрғындарды алаңдатқан жағдайға Семей қала­сы­ның әкімі Ермак Сәлімов дәл осындай жауап бер­ді. – Қардың қалың түскен жерлерін, қай жерде тас­қын болуы мүмкін екенін алдын ала біліп отырмыз. Со­ған сай жоспар жасадық. Жақын уақытта қар шы­ғару қарқынын арттыра түсеміз, – деді Семей әкімі. Әрине, мұның бәрі жоғарыда айтқандай ауа райына байланысты екені анық. Коммуналдық қызметтер күнтізбеге қарап қыстың біткенін күтіп жүр­генде, ертең-ақ күн күрт жылынып, айнала түгел теле­гей теңізге айналмаса болғаны.   Дәурен АЛЛАБЕРГЕН, Шығыс Қазақстан