Тергеу изоляторында отырған Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
Тергеу изоляторында отырған Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдайға қатысты түсініктеме берді
72,523
оқылды
Уақытша ұстау изоляторында отырған әнші Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтты, – деп хабарлады polisia.kz. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Соның салдарынан шыққан жанжал төбелеске ұласқан. Әлеуметтік желіге тараған видеожазбада әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады. Аталған құқық бұзушылық ҚР Қылмыстық кодінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелген. Айта кетейік, Көлсай көлдерінде гид жігітті соққыға жыққан Төреғали Төрәліні полиция бүгін қамауға алды.