Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланған жөн
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланған жөн
966
оқылды

Мемлекет басшысы Chioda Technol Corp (Жапония) компаниясының президенті Атару Иноуимен, Лауэ-Ланжевен институтының (Франция) жетекші ғылыми қызметкері Валерий Несвижевскиймен және Біріккен ядро­лық зерттеулер институтының (Ресей) директоры Григорий Трубни­ковпен кездесті.

Кездесуде Қазақстанның ядролық ғы­лым саласын дамыту перспективалары тал­қыланды. Шетелдік ғылыми ұйым­дар­дың басшылары Қазақстан тарабымен ты­ғыз ынтымақтастық орнатуға қызығу­шы­лық танытты. Президент еліміздің атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалануды жақ­тайтынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр және ядролық отын түрлерін өзі өндіреді. Елімізде ядролық са­ланы ғылыми-техникалық тұрғыда қол­дай алатын ғылыми мекемелер мен инф­рақұрылым бар. Әңгімелесу барысында олар Қазақ­стан­да атом энергетикасын дамыту, зама­науи ядролық технологияларды пайда­лану, отандық білікті кадрларды даярлау мә­селелері жөнінде пікір алмасты.