Аралас жекпе-жек өнерінің шебері Брендан Аллен UFC промоушеніндегі айқасы алдындағы көз арбасу процесіне кезекті рет қазақтың тымағымен келді, - деп жазады Vesti.kz.
Бұл тымақты америкалық спортшыға Шавкат Рахмонов сыйға тартқан.
Осының алдында да Аллен тымақпен шығып, аустралиялық Джейкоб Малкунды жеңген болатын. 2 қазанда Лас-Вегас (Невада, АҚШ) төріндегі UFC Fight Night 211 турнирде ол поляк Кшиштоф Йоткомен кездеседі.
Ал кештің басты айқасы америкалық ару Маккензи Дерн мен қытай қызы Янь Сяонань арасында өтеді.