Президент қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетуді көздейтінін жеткізді
Президент қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетуді көздейтінін жеткізді
1,196
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтап, мұғалім мәртебесін одан әрі биіктетуді көздейтінін хабарлады.
«Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын! Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз», – деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.
Елдің болашағы жастар болса, сол жастарға тәлім-тәрбие мен білім нәрін сіңіретін жан – ұстаз. Ендеше дамыған елдің қатарында өзін көргісі келген кез-келген мемлекет ұстаздардың жағдайына жіті назар аудару қажет. Ұлт болашағының кілті мұғалімдердің қолында. Алматы қаласы, Алатау ауданындағы №91 мектебінің ұстаздар қауымы Мемлекет басшысының ұстанымын толықтай қолдап, оның атқарып жатқан реформаларына оң бағасын береді. Еліміздің қалыпты дамуы мектеп қабырғасынан-ақ байқауға болады. Мұғалімдерге жалақысы уақытылы беріліп, білім беруге қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Нәтижесінде біздің оқушылар қалалық, республикалық білім олимпиадаларында жүлделі орындардан көрініп жүр. Метепті бітірген түлектердің басым бөлігі жоғарғы оқу орындарының студенттері атанып, тиісті мамандықтарына қол жеткізуде.

Усманова Жұлдыз Абдихахарқызы, Алматы қаласы, №91 мектебінің мұғалімі.