Лондонда II Елизаветаның табытын күзеткен сарбаз өлі күйінде табылды,- деп хабарлайды The Mirror басылымы. Сарбаздың туыстарының сөзінше, 18 жастағы Джек Бернелл-Уильямс 19 қыркүйекте қаралы күні табытты күзеткен, ал екі аптадан кейін өлі табылған. Сарбаздың денесі Гайд-парк казармасында жатқан.
Полиция қызметкерлері сарбаздың өлімі күтпеген жағдай болғанын айтып отыр.
Басылым мәліетінше, Джектің отбасы "ол ханшайымның ақтық сапарында табытын күзеткенін мақтан тұтқанын" жазады.