Прокуратура "Қазандық" немесе "Қара касса" ойыны алаяқтық схемасы екенін ескертті
Прокуратура "Қазандық" немесе "Қара касса" ойыны алаяқтық схемасы екенін ескертті
© сурет интернеттен алынды
254
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен месенджерлерде тараған  "Қазандық" немесе "Қара касса" ойынына қатысты мәлімдеме жасады. Смс-хабарламада ойынның шарты бойынша белгілі бір ақша сомасын енгізу және басқа адамдарды өзімен бірге әкелу туралы айтылған. Демек, ақша тұрақты түрде жаңа қатысушыларды тарту есебінен ғана түседі. Қатысушы қаражат жинап, жаңа адамдарды тартады — пирамида өсіп келеді. Мүмкін, жоғары тұрғандар шынымен табыс табады. Ал пирамиданың төменгі жағы ештеңе алмайды — олар тек пирамиданың жоғары сатысында тұрғандарға өз ақшасын сеніп тапсырды. Осылайша, осы схеманы ұйымдастырушылардың іс-әрекетінде "қаржылық пирамиданың" белгілері — табыс алудың алаяқтық схемасы көрінеді. Біріншіден, жоғары табыстылық, жылдам байыту, жылдам пайда алу уәделері нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары. Екіншіден, ұйымдастырушыларда арнайы лицензиялардың болмауы, ал қаржы нарықтарындағы қызмет міндетті мемлекеттік лицензиялауға жатады. Үшіншіден, нақты инвестициялық қызмет болмағанына қарамастан агрессивті жарнама. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы заңсыз табыс табу бойынша қызмет жасаушылар мен басшыларына қатысты ҚК-нің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Прокуратура органдары елорда тұрғындарына заң тұрғысынан күмәнді жолмен табыс табудан бас тартуды ұсынады.