Жапониядағы карантинде тұрған кеме - фоторепортаж
Жапониядағы карантинде тұрған кеме - фоторепортаж
© 24.kz
461
оқылды
Бүгін Жапонияның Йокогама портында карантинде тұрған Diamond Princess круиздік кемесінде коронавирус жұқтырған тағы 88 адам анықталды, - деп хабарлады 24.kz. 17 ақпандағы мәліметтер бойынша, кемедегі жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында 454 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.  width= Айта кетсек, Жапонияда коронавирусқа байланысты ақпанның басынан бері Diamond Princess круиздік лайнері 2 апталық карантинде тұр.  width= Кеме 20 қаңтарда Йокогамадан круизге шығып, 3 ақпанда қайта оралған. Алайда жолаушылардың бірі, Гонконгтың 80 жастағы тұрғыны коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.  width= Тағы бірнеше адам денсаулығының нашарлауына байланысты шағымдана бастайды. Осылайша, Жапония билігі кемедегі 3700 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығын тексеру туралы шешім қабылдады.  width= Талдау нәтижесі алғашында 60-тан астам адамның қауіпті вирусты жұқтырғанын көрсеткен. Содан кейін 3700 жолаушысы бар кеме карантинге алынған болатын.  width= Кемедегі дәрігерден де коронавирус табылды.  width= Жапониядағы Қытай елшілігі «Даймонд принцесс» куриздік лайнеріндегі қытайлық жолаушыларға дәрі-дәрмек жеткізгенін хабарлаған болатынбыз. Себебі кеме 4 ақпаннан бері карантинде тұрғандықтан, лайнердегі жолаушыларда жүрек ауруы мен қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектер таусылған көрінеді.  width= Айта кетсек, лайнерде Қазақстанның төрт азаматы бар. Олардың екеуі әйел адам болса, тағы екеуі 8 және 12 жастағы балалар. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, олардың денсаулығы жақсы. Осы уақытқа дейін қазақстандықтар тарапынан қандай да бір шағым түспепті. Төртеуі де коронавирус жұқтырмаған көрінеді. Қазақстан елшілігі азаматтармен байланыста екендігін және қажет заттармен қамтамасыз етіп жатқандарын хабарлаған болатын.  width=  width=