– Эротикалық дүниелердің қолжетімді болуын қаладым. Оның үстіне жыныстық қатынас жайында қысылмастан, емін-еркін сөйлесіп, ондағы мәселелерді жан-жақты талқылайтын орта болса деп армандайтынмын. Сөйтіп секс-шоп пен тренингтік студия, эротикалық кофехананы қосып, осындай кафе аштым, – деді Ксения Невмержицская.
Кафе The Place 18+ деп аталады. Мұнда тамақ ішіп қана қоймай, келушілер сексологтың кеңесін ала алады. Тіпті, би билеу де үйретіледі. Дастарқан басында ойнайтын түрлі ойындар да бар. Иесінің айтуынша, мұндай кафе ашу қиын болмаған.