40 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі - вице-министр
40 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі - вице-министр
© inform.kz
523
оқылды
2020-2023 жылдар аралығында 40 мың отбасына немесе жыл сайын 10 мың отбасына қолдау көрсету жоспарланған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде белгілі болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің пәрменді шараларының бірі - «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Құжат өткен жылы іске қосылған болатын және мүгедек баласы бар, көпбалалы, толық емес отбасы саналатын 5 мыңнан астам азаматтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. Оның айтуынша, аз қамтылған отбасылардың бағдарламаға қол жеткізуі үшін бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі. «2020-2023 жылдары 40 мың отбасына немесе жыл сайын 10 мың отбасына қолдау көрсету жоспарланған. Мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану үшін 2019 жылы «Кезектегілердің бірыңғай республикалық базасы» сервистік бағдарламалық өнімі өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Осы бағдарлама мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграцияланған және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қоюдың ашықтығын қамтамасыз етеді», - дейді ол.