800 мың теңгелік лот мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған. Шенеуніктер оны қала басшысы мен оның орынбасарлары үшін емес, техникалық қызметкерлер үшін орнататынын айтты, – деп хабарлады Kazakh24.infoAstanaТv-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін мемлекеттік сатып алу сайтында әкімдіктің 4-қабатында жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы лот пайда болған. Аталған мәліметте 1,5 м/1,5 м/2м көлемінде душ кабинасы орнатылады деп жазылған. Оның құны – 848 мың теңгеге бағаланған. Сондай-ақ орнату бағасын қосқанда 1 млн-ға жуық қаржы жұмсалатыны белгілі болған.
Әкімдікте 18 техникалық қызметкер бар. Әкім орынбасарының айтуынша, қызметкерлер душ орнатып беруін сұрап, өтініш білдірген.
«Олардың жұмыс күні кеш аяқталады. Сондықтан 0-қабатта техникалық қызметкерлерге арналған душ кабинасын орнатпақпыз. Себебі қызметкерлер жеке гигиена және жұмыс күнінен соң қолайлы жағдайда өзін ретке келтіру маңызды екенін жеткізді», – деді облыс орталығы әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин.