Мемлекеттік сатып алуда бағаны негізсіз көтерген шенеуніктерді жазалау ұсынылды
Мемлекеттік сатып алуда бағаны негізсіз көтерген шенеуніктерді жазалау ұсынылды
273
оқылды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша баспасөз конференциясы өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов маңызды деректерді бөлісті.
  1. Бюджет шығындарының жалпы сомасындағы мемлекеттік сатып алу үлесі шамамен 30%.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрбір бесінші қылмыс мемлекеттік сатып алумен байланысты.
  3. 2020 жылдан биылғы жылдың І тоқсанына дейін мемлекеттік сатып алу бойынша 418 қылмыстық іс аяқталған.
  4. Мемлекеттік сатып алу бойынша қылмыс жасағаны үшін 162 адам сотталған.
  5. Соңғы екі жылда ішкі мемлекеттік аудиттің лауазымды тұлғаларына қатысты 27 қылмыстық іс тіркелген.
  6. Кейбір өңірлерде сатып алудың төрттен үш бөлігі бәсекелестіксіз өткізіледі.
  7. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері 268 млрд теңгеге 500-ге жуық ақпараттық жүйені сатып алған.
  8. 230 млрд теңгенің 80%-і бір көзден сатып алу тәсілі арқылы игерілген.
  9. Мемлекеттік сатып алудың басым бөлігі бағаны негізсіз көтеру арқылы жоспарланады.
  10. «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі қолданысқа енген екі жыл ішінде шамамен 74 млрд теңге сақталып қалды.
  11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны жасанды көтерген шенеуніктерді жауапқа тартуды ұсынады.