Қайрат Сатыбалды жазасын қайда өтейді?
Қайрат Сатыбалды жазасын қайда өтейді?
Фото: sputnik.kz
710
оқылды
Биыл 26 ​​қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Tengrinews.kz-тің жазуынша, Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтейді. Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады.
«Бұл мекеме арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған. ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі»,–  делінген ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы ауыстырылғанға дейін Астанадағы тергеу изоляторында болады. «Сотталушы апелляциялық шағым түсірсе, оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады», – деді ведомство өкілі. Сондай-ақ  Сатыбалдыұлы жазасын өтеу үшін мекемеге келген 15 күннен кейін туыстарымен кездесуге өтініш бере алады.