Әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолында бірігеді – Гүлнар Бижанова
Әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолында бірігеді – Гүлнар Бижанова
316
оқылды
– Алдағы өтетін Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын халық қолдайды деп ойлаймын. Өйткені Мемлекет басшысы бүгінгі дейінгі саяси-экономикалық реформалары, әлеуметтік бастамалары мен іс-әрекеттері арқылы ел­мен тығыз байланыста екенін дәлелдей алды. Қоғамдағы түйткілді мәселелер Президенттің барлық Жолдауында, саяси шешімінде, ре­формасында көрініс тауып келеді. Кез келген әлеуметтік проб­лема ел басшысының назарынан тыс қалған емес. Әр сала өкілдері – дәрігерлер, мұғалімдер, спортшылар, өнер майталмандары, саясаткерлер және тағы басқалары Президентімізді қолдап, оның саяси-экономикалық, әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру жолында бірігеді деп сенемін.