Өзбекстанда туыстық некеге заңмен тыйым салу ұсынылды
Өзбекстанда туыстық некеге заңмен тыйым салу ұсынылды
1,273
оқылды
Өзбекстанда туыстардың бір-біріне үйленуіне заң жүзінде тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өзбекстанның отбасы кодексіне өзгеріс енгізу туралы заң жобасы туыстардың некеге тұруына тыйым салуды көздейді.
«Қоғам дамуының заманауи ерекшеліктері отбасын нығайтуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жақын туыстарының некеге тұруына жол бермеуге бағытталған заңнаманы жетілдіруді талап етеді», - делінген заң жобасында.
Енді кодексте туыстар арасындағы, туысқан аға-іні мен апалы-сіңлілер арасындағы, сондай-ақ асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында некеге тұруға тыйым салынады. Заң жобасына түсіндірме жазбада АХАЖ органдарының статистикалық деректері келтіріледі, оған сәйкес республикада өткен жылдың екінші жартысында 1 201 туыстық неке тіркелген.