Ел болып бірігу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет, ұлтқа деген сенім керек – Көпен Әмірбек
Ел болып бірігу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет, ұлтқа деген сенім керек – Көпен Әмірбек
2,061
оқылды
Қазақта жақсы тіркес бар: «Бірден-бір азамат», «Аптал азамат» деген. Міне, осы бірауыз сөз президенттік сайлауға қатысқалы отырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүкіл болмысын көрсетіп тұрғандай. Ол елді біріктіретін, бәрінің басын қосып, бір мақсатта жұмыс істейтін Президент. Екіншіден, қазақта «Көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөз бар. Іргелес елдермен тату болсақ, одан біз еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан дейді. Әуелі адами тұрғыдан оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Негізі осындай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлық, ұйымшылдықты танытуымыз керек. Бізге ешқандай дүрбелең керек емес. Үкімет өз тарапынан жұмысын атқаруы керек. Ал түйткілді мәселелерде еліміздің мүддесіне сай шешсе болғаны. Сондықтан осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен  береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, елімді көркейте түседі. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешейік. Ел болып бірігу үшін үш қасиет керек. Олар – ұлттық рух, ұлттық қасиет, ұлтқа деген сенім. Осы үш қасиеттің басын қосып, алға апаратын аптал азамат Қасым-Жомарт Тоқаев.

Көпен Әмірбек, белгілі сатирик, жазушы