«10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздеу шаралары кезінде Қутаяқсор көлінен 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптама тағайындалды, оның нәтижесінен соң шешім қабылданады», – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.