Павлодарда cуға батып кеткен футболшының денесін балықшы тауып алды
Павлодарда cуға батып кеткен футболшының денесін балықшы тауып алды
Павлодарда жағадан құлап кеткен футбол жаттықтырушысының денесі табылды. Павлодарда Ертіс өзеніне құлап кеткен жігіттің денесі Ақсуға шығатын көпірдің астынан табылды, – деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. Еске салайық, 5 қыркүйек күні «Ертіс» футбол командасының жаттықтырушысы 1995 жылы туған Роман Богданов достарының көз алдында жағадан құлап кеткен болатын. «Vita» іздеу жасағының мәліметінше, суға батып кеткен Роман Богдановтың денесін балық аулап жүрген адам кездейсоқ байқап қалған.
– Қаза болған адамның денесі сағат 16:53-те судан шығарылды, – деді Облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Айта кетейік, жас жігіт балық аулау кезінде жағадан аяғы тайып, өзенге құлап кеткен. Қасында достары болған. Алайда, жігіт жүзе алмайтын болған. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, Роман құлаған жердің тереңдігі 12 метрді құрайды.