Көмек көрсеткеніміз асылық болмайды – Берекет Кәрібаев
Көмек көрсеткеніміз асылық болмайды – Берекет Кәрібаев
3,025
оқылды
– Біз биыл көптеген өзгерістің куәсі болып жатырмыз. Қыркүйектегі Президенттің Жолдауынан кейін саяси реформалардың ерекше қарқын алғанын байқадық. Білсеңіз, Мемлекет басшысы сонда басты назарды еңбек өнімділігін арттыру мен қоғамға тиімділік жайына аударған болатын. Негізі барлық салада да тиімділік маңызды. Мемлекетіміз әлеуметтік һәм экономикалық бағыттарды басым ұстап отырғанын аңғартты. Әсіресе, жаңа экономикалық саясат – Жаңа Қазақстанның дамуындағы маңызды белестің бірі. Ал енді қазіргі әлемдегі ахуалға келетін болсақ. Осы күні ТМД елдерінің арасында қалыптасқан жағдай, оның ішінде  кедендік одаққа мүше елдер арасындағы миграциялық халдің ушығып тұрғаны бәрімізге аян. Оның себептері айдан анық. Ресейліктердің елімізге ағылған миграциялық толқынын біз биыл екінші рет бастан кешудеміз. Біріншісі - ақпанда, екіншісі  қыркүйекте басталды. Рас, қоғамда не түрлі көзқарас қалыптасты. Дегенмен заңдық тұрғыдан алғанда, ресейліктер елімізде 3 ай уақыт бойы еркін жүре алады. Яғни, олардың толыққанды мүмкіндігі бар. Ал оларды шектеуге хақымыз жоқ. Менің ойымша, келіп жатқан ресейліктерден жұрт айтқандай қауіп күтудің керегі жоқ. Барлығы шекарадан өткенде арнайы базаға тіркелді, оны өздері біледі. Бастарына түскен ауыртпашылықтан құтылу үшін осындай қадамға барды, әзірге қамқорлық жасап, көмек көрсеткеніміз асылық болмайды. Тиімділік жағынан қарасақ, олардың арасында жұмысқа орналастыруға болатын білікті мамандар да баршылық. Мұның бәрі – өтпелі уақыт. Егер геосаяси ахуал тұрақтанып, қалпына келсе, барлығы Отанына қайта оралады. Біз үшін ең бастысы - қоғамның тұтастығы мен татулығы.

Берекет Кәрібаев, тарихшы, профессор