4-5 жасар бала сиырдың желінін рахаттана еміп тұр (видео)
4-5 жасар бала сиырдың желінін рахаттана еміп тұр (видео)
1,166
оқылды
Әлеуметтік желіде 4-5 жасар баланың сиырдың сүт толы желінін рахаттана еміп тұрған бейнежазбасы тарап жатыр. Видеодан ауылда өсіп келе жатқан жеткіншектің жануардың жанында қорықпай, өзін еркін ұстап тұрғанын, арасында былдырлап бірнәрселерді айтып жатқанын аңғаруға болады. Бір қарағанда балалық бақытты шақты еске түсіргенімен, бұл ахуалға желідегі көпшілік алаңдаушылық танытқан.
"Бұлай болмайды, шикі сүттен баланың іші ауырады", "Піспеген сүтті ішкен соң, бруцеллез дертіне шалдығады", "Баланың қарны аш екені көрініп тұр" деп жазған желі қолданушылары.
Тағы біреулері видеодағы көрініске ризашылықтарын білдірген. Алайда, бұл бейнежазба шет мемлекеттердің бірінде түсірілген сияқты.