Украинада Ресей снарядынан ойылып қалған асфальт бір күнде жөнделді
Украинада Ресей снарядынан ойылып қалған асфальт бір күнде жөнделді
366
оқылды
Украинаның коммуналдық қызметкерлері Ресей снарядынан әжептәуір ойылып қалған жолды бір тәуліктің ішінде қалпына келтіріп үлгерген. Днепр мэрі Борис Филатов бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.
«Намысқа тырысып, түні бойы жұмыс істедік», – деп жазды Днепр мэрі.
Елде төтенше оқиғадан зардап шеккен байланыс желілері, жол төсемі мен белгілері тез арада қалпына келтіріліп жатыр. Мэр көшенің тасжолына түскен снаряд кратерінің суретін және бүгін таңертең түсірілген кадрларды да жариялады.
«Біз бәрін қалпына келтіреміз. Бірақ біздің өшпенділігіміз ғасырлар бойы сақталады», – деп жалғастырды қалабасы.
Филатов түні бойы көшені жөндеп жатқан жұмысшыларға алғыс білдірді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Борис Филатов 🇺🇦 (@borysfilatov)