Кәсіподақ белсенділерін марапаттады
Кәсіподақ белсенділерін марапаттады
866
оқылды
Оралдағы Достық үйінде Кәсіподақтар күніне арналған ме­рекелік жиын өтті. Іс-шараға қатысушыларды «Қызмет» Батыс Қа­зақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қо­ғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Серік Сүлеймен мерекемен құттықтады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан хал­қы­на арнаған «Әділетті мемлекет. Бір­тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жол­дауында кәсіподақ мү­ше­ле­ріне де үлкен міндет жүктеді. Маңыз­ды құжатта ертеңгі күнге се­німді еселей түсетін елеулі өз­ге­ріс­тер жөнінде кеңінен айтыл­ды. Бұл жолғы Жолдаудың ерек­ше­лігі мынада – ол Жаңа Қа­зақ­стан құру жолындағы жаңарған Ата заңымыздың аясында жария болды. Көпшіліктің ойында, ха­лық­тың көкейінде жүрген көп мә­селенің түйткілі осы Жолдауда өз шешімін тапты. Жолдауда ай­тыл­ған басты мәселелердің ішін­де айрықша айтып тоқталғым ке­­­­летіні – Президент халықтың әл-ауқатын арттырудың басты фак­торы еңбекақыны нарықтағы жағ­дайға сай өсіру бағытындағы өз­герістер жайында айтқан бо­ла­тын, – деді Серік Кенжебекұлы.
Оның айтуынша, мемлекет ең тө­менгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістерін енгізеді. Осы мә­се­леге Қазақстан Республикасы кә­­­­сіподақтар федерациясының бі­раз жылдан бері қозғау салып жүр­гені белгілі. Мақсат – ең тө­мен­гі айлық мөлшерін орташа ай­лық шамасының 50 пайызына дейін кезең-кезеңімен өсіру. Со­нымен қатар ел Президенті маңыз­ды саяси құжатта қара­пайым еңбек адамына үнемі құр­мет көрсетіп, олардың әлеуметтік жағ­­­дайын нығайтуға атса­лысуы­мыз керек екеніне назар аударды. Мемлекет басшысының Жолдауы бо­лашаққа сеніммен қарауға жол аша­ды. Жолдауда айтылған әлеу­мет­тік-экономикалық бағыттағы бар­лық бастама кәсіподақ мүше­ле­рінің көкейінен шықты. Елі­міз­дегі қолға алынған реформалар мен тың бастамалар еліміздің да­­­муына, шағын және орта биз­нес­тің экономикадағы тиімді үле­сінің артуына, жұмыссыз­дық­тың азаюына және жұрт­шы­лық­тың пайдалы жұмыспен қам­тылуы­на қомақты үлес қосады. Игі бастамалардың толықтай жү­зеге асуы экономикамыздың бар­лық саласына серпін беріп, оң нәтижеге жеткізбек. Мұндай ор­тақ істен кәсіподақ ұйым­да­ры­ның шеткері қала алмайтыны сөзсіз.
– Кәсіподақ – жұмыс­шыл­ар­дың заңды құқықтары мен мүдде­ле­рін қорғау үшін өздері құрған тұтас тұрлаулы әрі демократиялық ұйым, заңды тұлға, еңбек қаты­нас­тарының заңмен бекітілген тарабы. Сала қызметкерлерінің құ­қықтық жағынан қорғалуы, әлеу­меттік тұрғыдан лайықты қам­тамасыз етілуі, денсаулық­та­рын сақтау мен еңбек дауларының алдын алу, оларды шешу – біздің не­гізгі жұмысымыз. Бүгінде «Қыз­мет» облыстық мемлекеттік ме­кемелер қызметкерлері сала­лық кәсіподағындағы 318 бас­тауыш, 12 аудандық кәсіподақ ұйы­мына 6 781 адам тіркелді, – де­ді төраға.
Бастауыш кәсіподақ ұйым­дары жұмыс берушілермен ұжым­дық шарт жасалып, еңбек де­пар­таментіне тіркеледі. Осы ұжым­дық шарттарда еңбек қатынастары мен еңбек шарттарының орын­далуы, жұмыс уақыты мен де­ма­лыс уақытының қадағалануы, ең­бекақының уақтылы төленуі, со­нымен қатар еңбек қауіпсіздігін қа­дағалау мәселелері қамтылады. БҚО еңбек инспекциясы бас­қар­масының басшысы Асылұлан Досжанов әріптестерін облыс әкім­­дігі атынан мерекемен құт­тық­­тап, кәсіподақ қызметіне та­быс тіледі.
– Жұмыс беруші мен қыз­мет­ші­лер арасындағы қарым-қаты­нас­ты реттеп отыруда кәсіподақ ұйымдарының атқаратын рөлі зор. Кәсіподақтың қызметін заң­мен реттеп, оның дау-дамайға ара­ласуына, жұмысшының мүд­де­сін қорғауына өкілдік беру – мем­лекеттің міндеті. Елімізде ең­бек қоғамын қалыптастыру үшін еңбектенуіміз керек. Сол жол­да талмай еңбектеніп, атса­лы­сып жүрген баршаңызға алғыс ай­тамыз, – деді А.Досжанов.
Одан әрі Сырым аудандық эко­номика және қаржы бөлімінің бас­шысы, аудандық мемлекеттік ме­кемелер қызметкерлері сала­лық кәсіподағының төрағасы Мұ­са Шалабаевқа, БҚО цифрлық технологиялар басқармасы әкім­шілік бөлімінің басшысы, бас­тауыш кәсіподақ ұйымының тө­райымы Лилида Сайыноваға, об­лыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы персоналды бас­қару қызметі бөлімінің бас ма­маны, бастауыш кәсіподақ ұйы­мының төрайымы Лариса Круг­ловаға облыс әкімдігінің ал­ғыс­хаты табыс етілді.
– 10 қазан – Кәсіподақтар кү­ні мерекесі деп белгіленгеніне үш жылдың жүзі болды. Кә­сіп­одақ­тар орталығы мен «Қызмет» об­лыстық мемлекеттік, банк ме­ке­мелері және қоғамдық қызмет көр­сету қызметкерлерінің кәсіп­одақ ұйымдары бірлесіп жұмыс істеп келеді. Биылғы қыркүйек айын­да өңірімізге ресми ісса­пар­мен ҚР Кәсіподақтар федера­ция­сының төрағасы Сатыбалды Дәу­леталин келген болатын. Тө­ра­ға біздің атқарып жатқан жұ­мы­сымызға оң баға берді. 2020 жы­лы бес жылға арналған стра­те­гиялық құжат қабылданды. Фе­дерацияда 2021 жыл бастауыш ұйым­дар, 2022 жыл әлеуметтік әріп­тестік жылы болып белгі­лен­ді. Сол әлеуметтік әріптестіктің ар­қа­сында кәсіподақтардың жұ­мысы әрі қарай жалғасады. ҚР Пре­зиденті Қасым-Жомарт К­е­мелұлы Тоқаев Жолдауда: «Кә­сіп­одақтар – азаматтық қоғамның ең үлкен бөлшегі» деп кәсіподақ­тың қоғам өміріндегі маңызды ор­нын атап көрсетті. Облы­сы­мыз­да 72 мың кәсіподақ мүшесі, 10 салалық, 14 локальдық, мың­нан астам кәсіподақ ұйымы бар. Бұл – үлкен күш. Осы күш-қай­ра­тымызды әлеуметтік-эконо­ми­калық құқықтарымызды нығай­ту­ға жұмсауымыз қажет. Марапат­тарыңыз құтты болсын! Жаңа Қа­зақстан құрудағы, қоғамды жаңарту бағытындағы қызметіміз оң болсын! – деді басқосуда БҚО кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова.
Бұдан кейін орталық басшысы кәсіподақ белсенділеріне қоғам­дық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін аталмыш қоғамдық бірлес­тік­тің орталық кеңесінің мара­пат­тарын табыс етті. «Кәсіподақ қайраткері» медалімен Орал ар­наулы әлеуметтік қызмет көрсету ор­талығы мекемесінің директоры Арман Дәулетов, Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көр­сету орталығының шаруашылық жө­ніндегі директордың орынба­сары Беркінғали Дәулетов мара­пат­талды. Облыстық дене шы­нықтыру және спорт басқармасы облыстық мамандандырылған олим­пиада резерві балалар-жа­сөс­пірімдер мектебінің спорт әдіскері, бастауыш кәсіподақ ұйы­мының төрайымы Ольга Сер­геева, Бәйтерек ауданы әкімінің орын­басары, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерікқали Бисақаев, Ақжайық ауданының әкімі, кәсіподақ ұйымының мү­ше­сі Қалияр Айтмұхамбетов, об­лыс әкімдігінің әлеуметтік-сая­си талдау және терроризмге қар­сы комиссия жұмыс бөлімінің бас­шысы, бастауыш кәсіподақ ұйы­мының төрағасы Талғат Нығ­метов те осы марапатқа ие болды. «Мемлекеттік қызметкерлер кә­сіподағының үздігі» төсбелгісімен Теректі ауданы әкімінің орынба­са­ры, аудандық кәсіподақ ұйы­мы­ның төрағасы Ержан Досма­ков, Орал қалалық жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағдар­ла­малар бөлімінің басшысы Исатай Жазықбаев, Бәйтерек ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қам­­тамасыз ету және қаржы шаруа­шылық жұмысы бөлімінің бас маман-есепшісі Иралья Му­хи­на марапатталды. Сондай-ақ мерекелік іс-шара бары­сында кәсіподақ мүшелері мен ардагерлерді Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі БҚО бойын­­­ша департаментінің бас­шы­сы Мұрат Байсалов құттықтап, ізгі тілегін айтты. Бір топ кәсіп­одақ белсендісі кәсіподақ қоз­ға­лысына елеулі үлес қосқандары үшін аталмыш қоғамдық бірлес­тіктің орталық кеңесінің Құрмет гра­мотасы мен алғысхаттарын ал­ды. Салтанатты жиын барысында Ға­рифолла Құрманғалиев атын­да­ғы облыстық филармонияның өне­р­паздары – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегенов шырқаған «Жайығым – құтты ме­кенім», Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Жаңылсын Ха­санованың орындауындағы «Өмір қандай тамаша», Дархан Құл­­бабаев әуелеткен «Сый­лас­тық» әндері құлақ құрышын қан­дыр­ды. Мультиаспапшы Асылан Ғұмаровтың «Әр қазақ – жал­ғызым» атты төл туындысы тың­дар­манның көңілін толқытты. Жиын шымылдығы Алтынбек Ора­зовтың орындауындағы «Ата­мекен» әнімен жабылды.