Ақмола облысында суға батқан екінші балықшының денесі табылды.
«Астана су қоймасында балық аулау кезінде суға батып кеткен Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғынының денесі табылды. Ер адамның денесін құтқарушылар сағат 18:10 шамасында жағадан 500 метр жерден тереңдігі 1,5 метр судың түбінен алып шықты», - деді ведомстводан.
Қазанның 10-да Астана су қоймасында балық аулау кезінде Теміртау қаласының 1972 және 1975 жылғы тұрғындары суға батып кеткен болатын.