Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Vietjet әуекомпаниясы Орталық Вьетнамның туристік астанасы – Нячанг қаласы мен Алматы қаласын байланыстыратын жаңа рейстің ашылатынын хабарлады.
Vietjet авиакомпаниясы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен және Азаматтық авиация комитетінен FAOC сертификатын алды.
Салтанатты іс-шара елордада өтті. Рәсімге Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті – Е.П. Во Тхи Ань Суан, Қазақстан үкіметі басшылары және екі елдің жоғары лауазымды басшылары қатысты.
Алғашқы рейс қазан айында орындалады. Алматыдан Нячангқа шамамен 9 сағат ұшатын болады. Жоспар бойынша рейстер аптасына 2 рет жүзеге асырылады.
– Vietjet Қазақстан мен Орталық Азияны Вьетнаммен байланыстыратын жаңа бағдарлар экономика, сауда және туризм саласындағы бірлескен жобалардың дамуына ықпал етеді деп санайды. Vietjet клиенттерді саяхатта, жұмыста, оқуда, туыстарына баруда және т. б. заманауи кең фюзеляжды A330 ұшағында тамаша қызмепен қамтамасыз етеді, – деді Vietjet вице-президенті Чу Вьет Куонг мырза.
Тікелей рейстер екі ел үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Алматы қаласы ең ірі экономикалық орталық, сондай-ақ Қазақстандағы танымал туристік бағыты екені даусыз. Оңтүстік-шығыс Азия елдері үшін таудағы шаңғы туризмі қолжетімсіз. Сондықтан Алматының бұл тұрғыда ұтатыны көп.
Covid-19 пандемиясынан кейін әуекомпанияның жаңа тынысы ашылды. Vietjet дәстүрлі әуебағыттарымен қатар жаңа елдерге жол ашуда. Азияның ең ірі лоукостері Вьетнамды Үндістанмен, Жапониямен, Кореямен, алыс Еуропамен және Австралиямен байланыстырады. Енді міне Қазақстан да сол санатқа қосылды.