ОСК президенттікке үміткер үш кандидатты тіркеуден бас тартты
ОСК президенттікке үміткер үш кандидатты тіркеуден бас тартты
Фото: kaz.tengrinews.kz
490
оқылды
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, үш кандидат талаптарға сай келмейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Атап айтқанда, Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев, Қандастар қауымдастығының кандидаты Хайрулла Ғабжалилов және «Практикалық психология» ҮЕҰ кандидаты Фатима Бизақованы тіркеуден бас тартты. Хайрулла Ғабжалилов шетелде өмірге келген, Қазақстан азаматы емес, мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ. Президенттікке кандидат ретінде тіркелу үшін кемінде бес жыл мемлекеттік қызмет өтілі болуы тиіс. Талғат Ерғалиевтің үш жарым жылдық тәжірибесі бар. Фатима Бизақованың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.