Қарағандыда сауда үйінде кассир қызды ұрып құлатқан әйелге қатысты іс қозғалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
«Ануар» сауда үйінде сатып алушы мен кассирдің арасында болған жанжал бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары барысында екі жақтың да дәйектері тексеріледі» делінген Polisia.kz таратқан ресми мәліметте.