Кемеден эвакуацияланған туристерден коронавирус анықталып жатыр
Кемеден эвакуацияланған туристерден коронавирус анықталып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
281
оқылды
«Даймонд принцесс» лайнерінен АҚШ-қа эвакуацияланғандар арасынан коронавирус жұқтырғандар анықталды, – деп жазады 24.kz. Қазірге дейін ауру 14 азаматтан табылды. Жапонияда тексерген кезде  олардан коронавирус анықталмаған. Аурудың алғашқы белгілері кейін біліне бастаған. Қазір науқастардың бәрі Небраска штатында карантинге жабылды. Ал Германия билігі өз отандастарын эвакуациялауға енді кірісті. Азаматтарды елге қайтару ісі бойынша билік өкілдері қазір Еуропаның өзге елдерімен де келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде аталған кемедегі Германияның 2 азаматы вирус жұқтырған. Сол себепті, екеуі де елге оралған соң қайтадан екі апталық карантинге жатуы мүмкін.