Солтүстікте боран соғып, Нұр-Сұлтанда мектеп, колледждерде сабақ болмайды
Солтүстікте боран соғып, Нұр-Сұлтанда мектеп, колледждерде сабақ болмайды
Фото: Интернеттен алынды
287
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің солтүстік аймағында қалың қар жауып,  Ақмола облысында боран соғады. Батыс пен Оңтүстік Қазақстанда жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте және орталықта бұрқасын күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болады, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғар болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысында көктайғақ күтіледі, Қарағанды облысында тұман түседі. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында тұман болады. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болжанады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.