Bek Air-ге сертификат берген екі инспектор жұмыстан шығарылды
Bek Air-ге сертификат берген екі инспектор жұмыстан шығарылды
Фото: Интернеттен алынды
269
оқылды
Bek Air-ге сертификат беру мәселесімен айналысқан екі инспектор жұмыстан шығарылды, – деп хабарлайды AstanaTV. Анықталғандай, олар өз жұмысын толық көлемде орындамаған. Бұл мәселені телеарнаға Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс айтқан. Еске сала кетейік, былтыр 12 қарашада Bek Air-ге ұшуға рұқсат берген осы әкімшілік болатын. Кейіннен 27 желтоқсан күні Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырап, оқиға орнында 12 адам қайтыс болды. Қазақстан авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс: «Екі инспектор да – Қазақстан азаматы. Бұрын Азаматтық авиация комитетінде жұмыс істеген. Олар сертификат беру кезінде тексеріс жүргізген. Бірақ апаттан кейін біз тапқан проблемаларды сол кезде анықтамаған. Сондықтан олармен келісімшартты тоқтаттық», – деді.