Атырауда жыл басынан бері 96 егіз сәби дүниеге келген
Атырауда жыл басынан бері 96 егіз сәби дүниеге келген
392
оқылды
Атырауда жыл басынан бері 96 егіз сәби дүниеге келген. Бұл туралы Атырау облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Альмира Сабырғалиева мәлім етті. Биылғы 9 айда 96 егіз, бір үшем дүниеге келді. Өткен жылмен салыстырғанда егіздер саны 9,1 пайызға артып отыр.
-Жыл басынан бері Атырау облыстық перинаталдық орталығында 6796 сәби дүниеге келді. Соның ішінде егіздер саны артып келеді. Биыл жыл соңына дейін туу көрсеткіші тағы өседі деген болжам бар, – деді А. Сабырғалиева.
Айта кетейік, өткен жылы өңірде 7375 сәби дүниеге келген.

Баян Жанұзақова