Вейпке құмарлық үш есе артқан
Вейпке құмарлық үш есе артқан
440
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі тұ­жырым­дамасында 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында элек­трон­ды темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуі. «Қазақстанда электронды темекі бұйымдарын бақылаусыз сатуға байланысты оны қолдану қар­қыны жоғары. Ол барлық жерде жастарға қолжетімді бағада сатылады. Әрбір азық-түлік дүкенінде сатылатын вейптердің бағасы 2000 теңгеден аспай­ды. Ол жастар үшін қолжетімді. Вейпті 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға заңмен тыйым салынады. Алайда кодекстің қолданыстағы нормасы темекі өнімдеріне тыйым салу және темекі өнімдерін ашық көрсету бөлігінде орындалмайды және оны кәсіпкер­лер елемейді. ДДҰ-ның Қазақстандағы зерттеуіне сенсек, 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жылда 3 есе өсті. Атап айтқанда, «ұлдардың 15 пайызы және қыздардың 6 пайызы оларды қолданып көргенін мойындады» деп жазылған тұжырымдамада. Министрлік мәселенің шешімі ретінде жас­өспірімдер мен балаларға электронды темекі сатуға, тұтынуға және вейп айналымына шектеу қоятын норманы жетілдіруді ұсынды.

А. ЖОЛДАС