Таяуда несие мәселесі бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын – Тоқаев
Таяуда несие мәселесі бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын – Тоқаев
Фото: yandex.kz
1,695
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне сапары барысында несие мәселесіне қатысты таяуда ұсыныс жариялайтынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттің айтуынша, қоғамда қарызға батқан борышкерлердің көбеюі өте өзекті мәселеге айналып отыр. «Шын мәнінде, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Халқымыз «Әділ істің – бәрі игі» деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс. Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз. Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын», – деді Президент.