"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Атырау магистральдық желі бөлімшесі директоры Е.Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, сол арқылы алаяқтық жасады",-деп атап өтті Нұрлан Жахин.Сапаровқа қатысты Атырау тергеу соты "қамауда ұстау" шарасын таңдады. «ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі» 201-бап, 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Баян Жанұзақова