Петропавлда із-түзсіз жоғалған Юрий Волосниковтың мәйіті табылды. 1961 жылы туған Юрий Волосников 24 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен. Өздігінен іздеп, таба алмаған туыстары полицияның көмегіне жүгінді.
Көпшілік Юрий Волосниковтың аман-есен табылатынынан үміт үзбеген еді. Волонтерлердің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялаған мәліметте ер адам өзіне қол жұмсағаны жазылған.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, тиісті сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі кейін жария етілмек.